Астанада кіші айналма жол салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кіші айналма жол салынады

29.09.2014
Астанада кіші айналма жол салынады

Бүгін Астана қаласы мәслихатының 41-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Онда қалалық бюджет, елорда аумағына құрылыс салу ережесі мен мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін сатып алу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды. 

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Николай Мещеряков мемлекеттік қажеттілік үшін жерлерді алумен байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі кезде меншік иелерімен 39 келісім жасалды, барлық қажетті келісу процедуралары жүргізілді. 

Николай Мещеряков алынатын жерлердің мақсатына да тоқталды. «Бұл учаскелер кіші айналмажол (Бейсекова көшесі учаскесі), Байтұрсынов, Мирзоян және №42 көшелерінде жаңа мектеп салу үшін алынады»,- деді ол. 

Депутаттар баяндаманы тыңдаған соң аталған жобаны жүзеге асыруды бірауыздан қолдады. 

Хабарламаларға жазылу