Семейде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

29.09.2014
Семейде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

Қытайдағы Қазақ күресі федерациясының төрағасы, Азия қазақ күресі федерациясының бас хатшысы  Серік Кененбай «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Қазақстанға келудегі басты мақсат – кезекті X Қазақ күресінің Азия жарысы. Сайыс Семей қаласында өтпек. Мен Азия қазақ күресі федерациясының бас хатшысы   болғаннан кейін, ертерек келіп, басы-қасында жүрейін дедім»,- дейді бас хатшы.

Осыған дейін Азиядағы қазақ күресі 9 рет өткен екен. Осы турасында Серік Кененбай: «2005 жылы Қазақ күресі федерациясы осы Астанада құрылғаннан кейін көршілес елдерде – Қырғыз Республикасында, Ресейдің Алтай аймағында, Қытайда т.б. Азияның бірқатар елінде өтті.  Биылғы жарысқа 20-дай елден 200-дей жаттықтырушы мен палуан бар», - дейді.

«Біз 8-ші сайысты Қытайдың қазақ күресі танымал емес ауданында өткіздік. Көрермен көп болды. Қытайдың түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатты. Бұл - салмақ жағынан да, дәреже жағынан да үлкен жарыс болды.  Өзінде 3000-дай ғана тұрғыны бар аудан болса да, қазақтың көшін, дәстүрін,  салтын шамасы келгенше бәрін көрсетті», -дейді Серік Кененбай.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу