Иманғали Тасмағамбетов жәрмеңке алаңындағы сауда шатырларын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманғали Тасмағамбетов жәрмеңке алаңындағы сауда шатырларын аралады

27.09.2014
Иманғали Тасмағамбетов  жәрмеңке алаңындағы сауда шатырларын аралады

Бүгін Елордада өтіп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкесінде Жамбыл және Павлодар облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов сауда шатырларын аралап, әкелінген тауарлармен танысты.

«Әр сенбі сайын қалалық алаң шағын базарға емес, ең әуелі белгілі бір облыстардың ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесіне айналады.  Бұл - тауарды өткізу мүмкіндігі. Мұнда еуропалық сапамен өнімдер шығаратын облыстың ауыл шаруашылық компаниялары, кәсіпорындары көп», - деді ол. 

Жәрмеңкеге Павлодар облысынан жалпы көлемі 750 тонна, Жамбыл облысынан 190 тонна өнім әкелінді.

Барлық тауар қала базарларына қарағанда, 15-20 пайызға  арзан сатылуда. Жәрмеңке ертең де жалғасады.

Ал, 4 және 5 қыркүйекте елордаға Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу