«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 30 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 30 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды

26.09.2014
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 30 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды

Елбасы қолдауымен жүзеге асқан «Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен 5 жылда 30 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның жүзеге асуына 24,5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

Брифингте сөз сөйлеген Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бағдарлама жүзеге аспаған кезде, 2008 жылы ауылдық жерлерге 3 369 маман барса, 2013 жылы бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, 6 044 маманды құраған. Олардың 69 пайызы - әйел азаматтар болса, 31 пайызы - ер азаматтар. 

Хабарламаларға жазылу