Курчатовта атом станциясын салу мәселесі 30 қыркүйекте шешіледі - Б.Сапарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Курчатовта атом станциясын салу мәселесі 30 қыркүйекте шешіледі - Б.Сапарбаев

26.09.2014
Курчатовта атом станциясын салу мәселесі 30 қыркүйекте шешіледі -  Б.Сапарбаев

Курчатовта атом электр станциясын салу мәселесі 30 қыркүйекте шешімін табады.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

 «Атом электр станциясының құрылысы мәселесіне келетін болсақ, ол 30 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мен Ресей Федерациясы басшыларының қатысуымен өтетін форум аясында нақты шешімін табады деп ойлаймын.

Осы сұраққа қатысты соңғы кездесу Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Росатом басшылығының қатысуымен Курчатов қаласында өткен.

Бірақ, ол кезде мемлекет басшылары нақты шешім қабылдамас бұрын тиісті материалдар әзірлеу үшін сейкес тапсырмалар берді», - деді Б.Сапарбаев.

Айта кетерлігі, ШҚО-ның өндірістік өнімінің көлемі 704,9 миллиард теңгені құрайды. Ол өткен жылдық көрсеткіштен 8,5 пайызға жоғары. Тау-кен өнеркәсібі саласында 63,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінде 588,9 миллиард теңгенің тауары шығарылды.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу