Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында 50 спорт нысаны салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында 50 спорт нысаны салынады

26.09.2014
Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында 50 спорт нысаны салынады

Осы жылы Шығыс Қазақстан облысында пайдалануға 50 спорт нысанын беру жоспарлануда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте  облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Аймақта дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2014 жылы Қазақстандағы жалғыз спорт кластерінің құрылысы аяқталды.

Осы жылы ШҚО-да  50 спорт  нысанын салу жоспарланған. Бұқаралық спорт халықтың 28 пайызын қамтиды», - деді ол.

strategy2050.kz

 

Хабарламаларға жазылу