Инновациялық өнім көлемі бойынша ШҚО екінші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инновациялық өнім көлемі бойынша ШҚО екінші орында

26.09.2014
Инновациялық өнім көлемі бойынша ШҚО екінші орында

Шығыс Қазақстан облысы инновациялық өнім көлемі бойынша республикада екінші орын алады. Өйткені, елімізде өндірілетін барлық инновациялық өнімнің 1/5 бөлігі сонда шығарылады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Оның айтуынша, Кедендік одақ жұмыс істей бастаған кезеңнің ішінде Шығыс Қазақстанның одаққа қатысушы елдермен арадағы сауда айналымының көлемі 1,4 есеге өсіп отыр.

Былтыр облыстың Ресей және Беларусь елдерімен арадағы сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларын құраса, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында бұл көрсеткіш 900 миллион теңгеге жеткен, Ресейге экспорт 1,3 есеге, Беларусь Республикасына экспорт – 1,7 есеге өскен.

«Біздің жұмысымыздағы негізгі басымдықтың бірі шағын және орта бизнесті дамыту», деп түйіндеді өз сөзін әкім.

Фото: ortcom.kz

Хабарламаларға жазылу