Актер Джеймос Франко Голливуд туралы кітап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Джеймос Франко Голливуд туралы кітап шығарды

26.09.2014
Актер Джеймос Франко Голливуд туралы кітап шығарды

Актер Джеймос Франко Голлувуд туралы сатиралық кітап шығарды. «Hollywood Dreaming: Stories, Pictures, and Poems» атты кітап актерлік әлемнің қыр-сырын баяндайды.

«Бұның барлығы шындық деп айта алмаймын, ойдан шығарылған тұсы да бар. Алайда, бұл – мәтін мен суреттен тұратын фильм, менің өмірімнің коллажы», - дейді актердің өзі.

Кітап кейіпкерлері – Элизабет Тейлор, Том Круз, Линдси Лохан, Шон Пенн. Автор туындыда әрбір кейіпкерді сипаттап береді.

Басылым өз ерекшелігімен көзге түседі. Мұнда кейіпкерлердің Instagram әлеуметтік желісіндегі суреттері қойылған. Сондай-ақ, автордың өзі салған карикатуралық суреттер де бар, деп хабарлайды vogue.

 

Сурет: vogue

Хабарламаларға жазылу