«Парыз» байқауына 22 кәсіпорын қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Парыз» байқауына 22 кәсіпорын қатысады

25.09.2014
«Парыз» байқауына 22 кәсіпорын қатысады

Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Мекеме басшылары қалалық кәсіпорындардың еңбекақы бойынша берешегі, өндірістік жарақат пен жұмыссыздық мәселелерін, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауын өткізуді талқылады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ольга Демушкан байқау жөніндегі баяндамасын ұсынды. 

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды. 18 жеке кәсіпкерлік субъектісінен 22 өтініп келіп түсті», - деді ол. 

Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар өтінімде көрсеткен мәліметтер растау үшін Салық басқармасы мен Еңбек инспекциясы басқармасына жолданады.

Үстіміздегі жылдың қазан айында комиссия алдын ала шешім қабылдайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу