Бүгін Астана қаласында Жастар театрында сағат 18.30-да әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің шығармашылық апталығы аясында «Алғашқы махаббат» комедиясының премьерасымен VIII-театр маусымының шымылдығын ашады.
Бүгін сахналанатын «Алғашқы махаббат» комедиясының оқу жылы басталар сәтпен тұспа-тұс келуінің өзі тегін емес. Өйткені оқиға дәл осы шақтан өрбиді.
Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған бұл комедия көрермен назарын бей жай қалдырмасы анық.
Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - танымал театр және кино актері Дәурен Серғазин. Қоюшы суретші - Ерлан Тұяқов.
Басты рольдерде: Нұрлыбек Төлеген, Мадина Май, Бейбіт Құсанбаев, Ербол Тлеукенов, Әділ Ахметов, Елдос Шайкенов.