Михаэль Шумахердің ұлы Мик Бетч KF Junior класы бойынша картингтен Әлемнің вице-чемпионы атанды. Ол көптің назарын өзіне аудармау үшін, анасының тегін алған, деп хабарлайды molniasport.ru.
«Осындай көрсеткіш көрсеткеніме өте қуаныштымын әрі мақтанамын. Алайда, басты мақсатым - «Формула-1»-дің чемпионы болу. Бұл – жарыс жолындағы жетістігімнің бастамасы», - дейді Мик Бетч.
Айта кетейік, Михаэль Шумахердің өзі Франциядағы Альпі тауында шаңғы теуіп жүріп, бас сүйегін жарақаттап алған болатын. Қазір ол үйінде дәрігерлердің қарауында ем алып жатыр.