Басты Жаңалықтар Астанада студенттік жатақханалар тексерілді

Астанада студенттік жатақханалар тексерілді

Астанада студенттік жатақханалар тексерілді

Астананың студенттік жатақханаларында рейдтік іс-шаралар басталды. Бұл туралы Жастар саясаты мәселелері басқармасы хабарлады.

Комиссия мекеме қызметкерлерінен, ЖОО өкілдерінен, студенттік жасақтың белсенділерінен құрылған.

Олар жатақханаларды аралап, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеруде. Комиссия мүшелерінің айтуынша, тексеріс кезінде жатақханалардың басым бөлігі таза. Ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Бүгінде Астанада жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 25 жатақхана мен 14 колледж жатақханасы бар. 

Бөлісу