Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталады

24.09.2014
Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталады

Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталады, деп хабарлайды елордалық ЖПБ. Шараның мақсаты - ел автожолдарында жол көлік оқиғасын азайту.

Астана қалалық ІІД ЖПБ жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысын бақылау кезінде 157,5 мың жол қозғалысы ережесін бұзу жайттары анықталды, соның ішінде жүргізушілердің кінәсі себебінен 143 мың оқиға орын алса, 14,5 мың оқиғада жаяу жүргіншілер айыпты болған.

Сондай-ақ, полицейлер жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында мектептер мен өзге де оқу орындары шәкірттерінің қатысуымен түрлі мекемелер мен ұйымдардың жүргізушілеріне жол ережесі қауіпсіздігі саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу