Қызылордада кеше еңбек күніне орай «Ата кәсіп - алтын мұра» атты форум өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, еңбек озаттарын марапаттады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы аймақта ұрпақтан ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттерін де «Алғыс хатпен» марапаттады.