Осы заманның батыры – Бейсетай Дәуренбеков - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы заманның батыры – Бейсетай Дәуренбеков

23.09.2014
Осы заманның батыры – Бейсетай Дәуренбеков

Осыдан 40 жылдай уақыт бұрын қарапайым ғана көлік жүргізушісі екінің бірі қайталай алмайтын ерлік жасады. Ол желтоқсанның аязында суға кеткен 12 баланы бір өзі құтқарып қалды.

«Сол оқиғадан соң  есімді бір күннен кейін жинадым. Аяз өкпемнен өтіп кеткен шығар, деп ойладым. Жоқ, олай болмады. Балалардың ақ тілегінің арқасында денсаулығыма еш зиян келмеді», - дейді Бейсетай Дәуренбеков.

Өзінің ерлігін ерлікке баламайтын ол: «бүгінгі ұрпақ өзгеге бақыт сыйлауға дайын болса деймін», - дейді.

Бүгін 13.50-де «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу