Қазақтың Қалиханы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың Қалиханы

22.09.2014
Қазақтың Қалиханы

Қалихан Ысқақ – қазақ әдебиетінің ең үздік классик жазушыларының бірі. Ол – аудармашы  ретінде  де  көпке  танымал. Орыс  әдебиетінің  классиктері  Л.Толстойдың, И.Тургеневтің, А.Чеховтің, А.Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері  қазақ  тілінде  Қалихан Ысқақтың  аудармасында  жарық  көрген.

Қаламгер әдеби  сын, театр  сыны, эссе  жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік  тақырыпта  да жүзден  астам  мақала -очерктер  жариялады.

Сондай-ақ, кинодраматургия  саласында  да  біраз  туынды  берді. Оның  сценарийі  бойынша  жасалған  толықметражды  көркем  фильмдер: «Сарша  тамыз», «Ұшы – қиырсыз  жол», «Күзет  бастығы», «Қараша  қаздар  қайтқанда» бүкілодақтық  экранға  шықты.

«Айтуға оңай...» хабарының бүгінгі шығарылымы қазақтың әйгілі  қаламгері Қалихан Ысқақтың шығармашылығы мен өміріне арналады.

Бүгін 21.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу