Павлодарлық бағбан Юрий Рыбин 20-30 келілік асқабақ өсірді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Шаруа алып асқабақты өсіруде ерекше тәсілді пайдаланған.
Оның айтуынша, асқабақ өсіру барысында тыңайтқыштар мен минералды қоспаларды мүлдем қолданбаған.
«Мол өнім алғыңыз келсе, өзен суын пайдаланған жөн. Сонымен қатар, күн көзі, таза ауа мен тынымсыз еңбек қажет»,-дейді бағбан.
Зейнеткер келесі жылы бұдан да салмақты көкөніс өсіруді жоспарлап отыр.