«Таңшолпанда» – Оразкүл Асанғазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» – Оразкүл Асанғазы

22.09.2014
«Таңшолпанда» – Оразкүл Асанғазы

«Таңшолпанда» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы қонақта.

«Бүгін 22 қыркүйек қазақтың басына бақ қонған күн. Бұл күні Жоғарғы кеңестің сессиясы болып, онда тіл мәселесі көтерілді. Сол сессияда Мұхтар Шахановтың жанкештілігімен, Әбіш Кекілбайдың парасатымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биік абыройымен Қазақстанда қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл болып қабылданған. Бұл – қазақтың басына қонған бақ. Әрбір қазақстандық осы бақты бағалай білуі керек», дейді депутат.

«Осы жылдар аралығында жеткен жетістіктер ұшан-теңіз. Алдымен, қазақша сөйлеу – мәртебеге айналды. Қаншама қазақстандық Елбасының «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», деген сөзінен кейін балаларын қазақ мектебіне, қазақ балабақшасына  берді. Тіпті қазақ тілін білмейтін ата-ана  балаларын қазақ мектептеріне беру арқылы өздері де тілді балаларымен бірге үйренді. Қазақтарды былай қойып, қаншама түркі тілдес ағайын, өзге этностың өкілдері мемлекеттік тілді үйрене бастады», - дейді Оразкүл Асанғазы.

«Қазақ тілінің маңызын әлі де түсінбей жүрген жастар бар.  Өзге тілдің бәрін біле берсін. Бірақ, кез келген қазақстандық, әсіресе, кез келген қазақ үшін оның ең маңызды тілі – ана тілі. Анасын адам қалай сыйласа, мемлекеттің тілін де солай сыйлауы қажет», -дейді депутат.

Мемлекеттік тіл тұрғысында өрбіген сүбелі сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу