«Мықтың үйі» - бұл көне замандағы зираттар болуы мүмкін деген дерек бар. Жазушы Таласбек Әсемқұлов ағамыз бұл зираттар жаугершілік заманынан қалған, дейді. Мыңдаған адам қаза табатын үлкен соғыстарда мерт болған жауынгерлерді жерлеген зират, дейді.
Сондай-ақ, «мық» деген аласа бойлы, бірақ өте қарулы адамдарды айтатын болса керек. Қариялар «мық» сөзінің көне мағынасы екенін айтады. Мәшһүр Жүсіп те есте жоқ ескі замандарда «мық» аталатын жұрттың өмір сүргенін жазады. Бір қызығы, «мықтың үйі» аталып кеткен қорымдарға ұқсас зираттар Енисей өзенінен бастап Дунайға дейінгі жерлерге тараған», деседі.
Олар алып болды ма, әлде қортық болды ма? Батыр болды ма, әлде қорқақ болды ма? Олар ғарыштан келді ме, әлде ғайыпқа кетті ме? Олар қазақ даласында мекендеді ме? Үйі бар да, өзі жоқ олар кімдер?
Бүгін 15.45-те «Қазақ даласының құпиялары» деректі фильмін көріңіз.