Қазақстандық теннисші Зарина Диас әлем және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің теннисшілері арасында жүргізіліп жатқан WTA-ның «Rising Star Poll» дауыс беру байқауында екінші орында келеді.
Алғашқы орында - австралиялық Оливия Роговска. Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева алтыншы орында тұр.
Әлем теннисшілері тобында алдыңғы орында Пуэрто-Рико теннисшісі - Моника Пуиг. Одан кейін швейцариялық Белинда Бенчич.
Ағымдағы апта бойынша теннисшілерге 140 елден 115 мың адам дауыс берген.
Дауыс беру 3 қазанда аяқталады. Жеңімпаздың есімі 9 қазанда жарияланады.
Қорытындысы бойынша, әр топтан ең көп дауыс жинаған екі үздік теннисші WTA-ның Сингапурде өтетін көрсетілімді турниріне бақ сынайды.