Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай радиоконференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай радиоконференция өтті

19.09.2014
Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай радиоконференция өтті

22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні. Бұл атаулы күн 1998 жылы 20 қаңтарда ҚР Президенті Жарлығымен жарияланды. Осыған орай бүгін Қазақ радиосының әуе толқынынан «Айтөбел» хабары аясында радиоконференция өтті.

«Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі» тақырында өткен радиоконференцияға жазушы, аудармашы Кеңес Сләмханұлы Юсуп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушысы Серік Жақсылықұлы, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов, Астана медицина университетінің профессоры, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мұхамбедия Ахмет-Төре, Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры Бекжан Әбдуәлиұлы және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тіл басқармасының жетекшісі Айдос Тұрсынбайұлы қатысты.

Хабарламаларға жазылу