Мемлекет басшысының келесі Жолдауында инфрақұрылымды дамыту қажеттіліктеріне баса мән берілмек.
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының марапаттау салтанатында айтты.
«Қазақстандықтарға арналған келесі Жолдауда инфрақұрылымды дамыту бойынша тапсырмалар беретін боламын. Бұл бағытта бірқатар жұмыс атқарылды. Десек те, ел аумағы өте үлкен. Экономика дұрыс салынған жолдар арқылы дамиды», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардан бері 40 мың шақырым автомобиль жолы, 2,5 мың шақырым теміржол салынған.
«Алдағы уақытта Астана-Павлодар, Астана-Өскемен, Астана-Көкшетау-Петропавл, Астана-Ақтөбе, Астана-Алматы бағытындағы жолдар салынады.