Шымкентте облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ашылды. Мекеменің басшысы болып ақын Ақмарал Леубава тағайындалған деп хабарлайды otyrar.kz сайты.
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығындағы кеңес залында салт-жоралғылар таныстырылады. Сондай-ақ, мұнда салт-дәстүрге арналған екі көрме залы бар. Ал қалған бөлмелер зерттеу сыныптары.
Сонымен қатар, орталықта 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен де жасақталып, ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейтін болады.
Сурет otyrar.kz сайтынан алынды