«Дала дауысы»: «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша қатысқан үміткерлерге дауыс беру аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы»: «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша қатысқан үміткерлерге дауыс беру аяқталды

18.09.2014
«Дала дауысы»:  «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша қатысқан үміткерлерге  дауыс беру аяқталды

Қазақ радиосының төл жобасы – ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша қатысқан үміткерлерге дауыс беру аяқталды. Бұл номинация бойынша финалға жолдама алған орындаушылар белгілі болды.

Айта кетейік, өткен бейсенбіде интернет қолданушылар арасында көп дауысқа ие болған 5 үміткер келесі айналымға жолдама алған болатын. Бұл жолы «Қазақ қызы» әнімен додада бақ сынаған Ержан Смағұлов және Әйгерім Битанова («Байтақ өлкем» әнімен) финалға өтті. Сондай-ақ, академиялық және классикалық эстрада стилін жақсы синтездегені үшін «Дала дауысы» радиофестивалі ұйымдастырушыларының шешімімен «Назқоңыр» әнімен Бибігүл Жанұзақ пен Нұрғали Тұрлыбеков дуэті келесі кезеңге жолдама алды.

Сонымен, «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша финалға өткен үміткерлер тізімі:

Ақылбек Жаңабаев - «Қазақпын»

Шахаризат Сейдахметов - «Желдірме»

Жақсыкелді Маясаров - «Сарыарқа»

Ақмарал Қалданова - «Тәлім»

Әлихан Дүйсенбай - «Шежіре»

Ержан Смағұлов – «Қазақ қызы»

Әйгерім Битанова - «Байтақ өлкем»

Бибігүл Жанұзақ пен Нұрғали Тұрлыбеков дуэті – «Назқоңыр»

Хабарламаларға жазылу