Астанада «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды

18.09.2014
Астанада «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды

Бүгін Астанада Қазақстандағы алғашқы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Оқу-тәрбиелік институттың мақсаты – қыздарды озық үлгідегі қазақи және еуропалық қоғамдық-инабаттық дәстүрде тәрбиелеуге бағытталған.

Мәдени-инабаттылық қыздар институтының оқу-тәрбие бағдарламасына оқу материалдарын ұйымдастырудың модульдік қағидаты негіз болып отыр. Модульдер міндетті және қосымша сабақ болып бөлінеді. Бағдарлама барлығы 12 модульден және 45 пәннен тұрады. 1 тоқсанда 5-8 модуль бойынша сабақ өтеді.

Әр жастағы топ белгілі бір модульдік  бағытта сабақ оқиды. Ал институт тәлімгерлері әр айдың соңында кешенді шығармашылық емтихан тапсырып, сертификат беріледі.

Сурет ҚазАқпарат сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу