Маттео Трефолони Қазақстан-Испания ардагерлері матчында төрелік етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маттео Трефолони Қазақстан-Испания ардагерлері матчында төрелік етеді

18.09.2014
Маттео Трефолони Қазақстан-Испания ардагерлері матчында төрелік етеді

21 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда  Қазақстан мен Испания құрамалары ардагерлерінің жолдастық кездесуі өтеді. Бұл ойында Қазылық және тексеру департаментінің басшысы Маттео Трефолони төрелік етпек, деп хабарлайды ffk.kz.

Ал, оның көмекшілері - алматылық лайнсмендер Самат Тергеусізов пен Сергей Васютин болмақ. Резервті төреші - Александр Алиев.

Айта кетейік, матч Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

 

Біздің анықтама:

Аты-жөні: Маттео Трефолони

Азаматтығы: Италия

Туған жері: Италия, Сиена қаласы

Туған жылы: 1971 жыл, 31 наурыз

Лауазымы: төреші

 

Фото: sports.kz

Хабарламаларға жазылу