ҚР 2008-2010 жылдарға арналған «Тұрғын үй құрылысын дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде Астанада жалпы ауданы 261,5 мың шаршы метрлік 5 674 пәтердің құрылысы аяқталды.
Қалалық Құрылыс басқармасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Ербол Байсаматовтың мәлімдеуінше, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі бойынша пәтерлер жыл соңына дейін дайын болады.
Тұрғын үй кешендері Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, М.Жұмабаев даңғылының шығысында, Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, Сарыбұлақтың бойында салынуда.
«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержас Айтуғанов баспана құрылысының тоқтап қалуына кінәлі мердігер компанияларды атап шықты.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердің уақтылы тапсырылмауына осы аудандағы инженерлік желілердегі ақаулар себеп болған.
Қазіргі уақытта Коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық мәселелерді шешті.
Қалалық мәслихаттың шешімімен аталған нысандарға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Жыл соңына дейін жалпы ауданы 151,6 мың шаршы метрлік 2510 пәтер пайдалануға беріліп, мемлекеттік бағдарлама толық жүзеге асырылады.
astana.gov.kz