Қызылжарда психикалық дертке шалдыққан науқастар жүргізуші куәлігін алып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда психикалық дертке шалдыққан науқастар жүргізуші куәлігін алып келген

18.09.2014
Қызылжарда  психикалық дертке  шалдыққан науқастар жүргізуші куәлігін алып келген

Солтүстік Қазақстан облысында психикалық дертке шалдыққан науқас азаматтар және нашақорлар жүргізуші куәлігін алып келген.

Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінде СҚО прокуратурасының бірінші басқармасы бөлімінің аға прокуроры Асқар Жүнісов мәлімдеді.

«Тексеру барысында өңірдегі психоневрологиялық диспансер мен наркологиялық орталықта есепте тұрған 13 тұрғынға жүргізуші куәлігі берілгені анықталды. Атап айтқанда, мұндай деректер Петропавл қаласында, Айыртау және Тимирязев аудандарында тіркелген», - деді А.Жүнісов.

аikyn.kz

Хабарламаларға жазылу