Израильдің үздік дәрігерлері Астанаға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің үздік дәрігерлері Астанаға келеді

18.09.2014
Израильдің үздік дәрігерлері Астанаға келеді

Астанаға 18-20 қыркүйекте №2 қалалық ауруханада өтетін халықаралық симпозиумға Израиль, Ресей және Грузия елдерінің үздік дәрігерлері келеді, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.   

Жиында отандық және шетелдік дәрігерлер эндоскопиялық және лапароскопиялық урологияның (түрлі ауруды ота жасау әдісімен емдеу, бұл ретте ота тері мен бұлшық ет тіндерін тесу арқылы жүргізіледі) өзекті мәселелері талқыланады.

Шара барысында эндоскопиялық, лапароскопиялық урология операцияларының онлайн трансляциясы (бейнеконференциялар), жетекші мамандардың оқу баяндамалары жоспарланған.  

Хабарламаларға жазылу