ҚР Президентінің «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясын құру» туралы Жарлығына – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президентінің «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясын құру» туралы Жарлығына – 20 жыл

18.09.2014
ҚР Президентінің «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясын құру» туралы Жарлығына – 20 жыл

1992 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Президентінің «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясын құру» туралы Жарлығы шықты. 1993 жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Министрлер кабинетінің Жарлығына сәйкес, «Қазақстан»  телерадиокомпаниясы ҚР телерадиотарату мәселелері бойынша орталық мемлекеттік басқару органы болды.

«Қазақстан» – мемлекетіміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыратын Ұлттық телерадиокорпорация.

Корпорацияның хабар тарату саясаты ақпараттық, ағартушылық, ойын-сауықтық бағыттағы ақпарат берумен, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын, гуманизм идеяларын және Қазақстан халықтары арасындағы достықтың даңқын арттыру мен насихаттаумен сипатталады.

Танымдық-тағылымдық, көңілашар ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстіндегі телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады. HD форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан», «KAZsport» телеарналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар» Ұлттық арнасын, «Астана», «Classic» радиоларын және аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орын алады.

Хабарламаларға жазылу