20 қыркүйекте Астанада Сабантой өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 қыркүйекте Астанада Сабантой өткізіледі

18.09.2014
20 қыркүйекте Астанада Сабантой өткізіледі

Татарстан Республикасының Астанадағы мәденениет күндері аясында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы алаңында татар ұлтының стилінде безендірілген арнайы қалашық  жұмыс істемек.

20 қыркүйекте  сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін алаңда өндірістік жәрмеңке, шығармашылық ұжымдардың концерттері, спорттық байқаулар және ұлттық тағамдардың дегустациясы ұйымдастырылмақшы.

Сондай-ақ, шара аясында көктемгі егістік жұмыстарының аяқталуын білдіретін татарлардың ұлттық мейрамы  Сабантой өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

 

Хабарламаларға жазылу