Ұялы телефон арқылы электронды қол қою жобасы әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұялы телефон арқылы электронды қол қою жобасы әзірленуде

17.09.2014
Ұялы телефон арқылы электронды қол қою жобасы әзірленуде

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ұялы телефондар арқылы жүзеге асыратын болады.

Ағымдағы жылдың соңына  дейін 500 мың абонентке 50 қызмет пен сервис ұсыну жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта мобильді қосымша бойынша тұрғын үй кезегінің ретін қарау, коммуналдық төлемдер жүргізу, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, SIM-карта арқылы электронды қол қою жобасы әзірленуде. Бұл қызметті смартфондармен қатар, қарапайым ұялы телефондар арқылы  пайдалануға болады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің  мәліметінше, мобильді үкімет жобасын 2014-2016 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделген.

Фото: Kapital.kz

Хабарламаларға жазылу