Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетіне арналған сурет көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетіне арналған сурет көрмесі өтеді

17.09.2014
Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетіне арналған сурет көрмесі өтеді

19 қыркүйек күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақстан Республикасындағы Қытай елшілігінің қолдауымен «сурет көрмесі өтеді.

Шараны «Мұрат жолы» мәдени-қоғамдық бірлестігі екі ел халықтарының достық және мәдени қарым-қатынастарының одан әрі дамуына демеу мақсатында ұйымдастырып отыр. Көрмеге отандас талантты жас суретші, өнер шеберлерінің тырнақалды туындылары қойылады.

«Арқаның төсіндегі алтын күздің алғашқы айында ежелгі көрші Қытайдың мәдениет күндері өтпек. Мемлекеттік деңгейдегі мәдени іс-шараның өтуіне орай, көрмеге негізінен майлы бояулы суреттер, графикалар, қолөнер туындылары, фото туындылар қойылады», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Фото: altaynews.kz

Хабарламаларға жазылу