«Калмэджи» тайфунына байланысты ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі «жедел желі» ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Калмэджи» тайфунына байланысты ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі «жедел желі» ашты

17.09.2014
«Калмэджи» тайфунына байланысты ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі «жедел желі» ашты

«Калмэджи» тайфунына байланысты ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі «жедел желі» ашты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның консулдық қызметінің өкілдері Қытай аудандарында тайфуннан зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматтары бар-жоғын анықтауда.

  «Жедел желі» арқылы азаматтар Қытайдағы туыстарының жағдайын біле алады. Желінің телефон нөмірлері:  +86-137-1850-4917 (Бейжің), +85-259-647-112 (Гонконг). 

 «Калмэджи» тайфуны Хайнань провинциясының жағалауына жетті. Дауылды жел мен күшті нөсер секундына 40 метр жылдамдықпен аралдың солтүстік-батыс бөлігіндегі аймақтарды қиратуда.

Дауылға байланысты Хайнань провинциясының Хайкоу қаласындағы «Мэйлань»  халықаралық әуежайында 100-ден астам рейс,  Санья қаласындағы «Фэнхуан»  әуежайында 60-тан астам рейс  тоқтатылды.

Сондай-ақ, қауіпті аймақтардағы мектептер, мекемелер мен банктер жабылды.

 «Калмэджи» тайфуны  толассыз жауын-шашын мен  жел жылдамдығы жағынан ағымдағы жылғы шілдеде Қытайда 60 адамның өмірін қиған «Раммасун» тайфунымен салыстырылуда.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу