Қазақта «әр бала өз несібесімен», деген сөз бар. Алайда, туғаннан ерекше болатын балалар болады. Олар қатарластарына қарағанда, ойлау қабілеті жоғары, аса дарынды болып келеді. Ғылыми тілмен айтқанда, олар – вундеркинд балалар.
Мамандар «мұндай балаларға сен өзгелерден ерекшесің, деп көп айта беруге болмайды. Бала талантты екенін сезбеуі керек», дейді.
Ал осы дарынды балалардың талантын шыңдау үшін елімізде қандай тегін үйірмелер бар? Мамандардың бірқатары: «Біздің елде екі мәселе бар: уақыт және қаражат», дегенді айтады.
Қазақтан шыққан ерекше балалар бар ма? Мұндай қасиет көбіне кімге қонады? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайға» осындай ерекше балалар келеді.