Қазақстанның «Қашаған», «Қарашығанақ» және «Теңіз» сияқты үш ірі мұнай жобасының операторлары бұрғылау мен жобалау бойынша бірлескен кәсіпорындар ашады.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин айтты.
«Қашаған», «Қарашығанақ» және «Теңіз» жобаларының белсенді түрде кеңеюі кезінде бізге қызмет көрсету мен құрылғылардың жоғары технологиялық түрлері қажет болады.
Осы мәселені шешудің бір жолы ретінде әлемдік көшбасшылардың заманауи технологияларын қолдана отырып, бірлескен кәсіпорындар ашуды қарастыруға болады.
Аталған үш жобаның операторлары бүгінде бұрғылау, жобалау, геофизикалық қызмет көрсету салаларында бірлескен кәсіпорындарды салуға кірісіп кетті», - деді вице-министр.
ҚазАқпарат