Атырауда табиғи газбен қамту 5 күнге тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда табиғи газбен қамту 5 күнге тоқтатылады

16.09.2014
Атырауда табиғи газбен қамту 5 күнге тоқтатылады

Атырауда бүгіннен бастап, 5 күнге табиғи газбен қамту тоқтатылады.

«ҚазТрансАймақ» Атырау өндірістік филиалының мәліметінше, жоспарлы жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі 16-19 қыркүйекте қаланың сол жағалауына жүргізіледі.

Оң жағалауға жөндеу жұмыстары 20-24 қыркүйекте жүргізілмек.

Табиғи газ берудің тоқтатылуы қалада нанның жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Мой город» порталы. Себебі, мұндағы 17 наубайхананың барлығы  газбен жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу