Нұрлан Әмір: Негізгі мақсат – қазаққа рух, жігер беретін әндер керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әмір: Негізгі мақсат – қазаққа рух, жігер беретін әндер керек

15.09.2014
Нұрлан Әмір: Негізгі мақсат – қазаққа рух, жігер беретін әндер керек

ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» телерадио корпорациясы  Қазақ радиосының бірлескен жобасы «Әскери әндер» республикалық фестивалі өтіп жатыр. Осы фестивальдің продюсері әнші Нұрлан Әмір «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді.

«Негізгі мақсат – қазаққа рух, жігер беретін әндер керек. Композиторлардан 150-дей ән келді. Оның арасынан іріктеліп, 33 ән  қатысуда. Әрі қарай тағы да іріктеледі. Мұнда тек қана әнші бағаланбайды, композиторлардың еңбегі де есепке алынады. Алғаш рет өткелі жатқан фестивальге Қазақстанның барлық композиторын атсалысуға шақырамын»,-дейді Нұрлан Әмір.

«Қазір фестивальдің екінші кезеңі жүріп жатыр. Ол қараша айында аяқталады. Содан кейін гала-концерт ұйымдастырмақпыз. Шеру ретінде өтетін үлкен концертті 3D форматында өткіземіз бе деген жоспар да бар. Сондай-ақ, бұдан кейін фестиваль дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады»,-дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу