Астанадағы Татарстан күндері аясында Сабантой мерекесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Татарстан күндері аясында Сабантой мерекесі өтеді

13.09.2014
Астанадағы Татарстан күндері аясында Сабантой мерекесі өтеді

19-21 қыркүйек аралығында Татарстан Республикасының Астанадағы күндері өтеді.

Осыған орай, елордаға ресми тұлғалар, іскерлік және білім беру салаларының өкілдері бастаған Татарстан делегациясы келеді.

Қаланың өндіріс орындарын аралап, бизнес-форум жұмысына қатысады. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстанның татар диаспорасының өкілдерімен кездеседі.

Шара аясында Бейбітшілік және келісім сарайында Татарстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Сонымен қатар, фотокөрме мен ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Шара аясында татарлардың ұлттық мейрамы Сабантой тойланып, Татарстанның өндірістік және ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін көрмеге ұласады.

Сабантой кезінде күрестен жоғары салмақтағы Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан,  Татарстан командалары арасындағы матчтық кездесу өтеді.

 Жеңімпаз темір тұлпарды тізгіндейді. Той барысында бұдан басқа халықтық ойындардың 13 түрінен жарыс өтеді.

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу