Күрке тауық – тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен.
Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбіне жайылымда болады.
Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – мұны үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатынында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.
Бүгін 08.40-та «Агробизнес» хабарынан еліміздегі күрке тауық етінің өндірісі туралы толығырақ мағлұмат ала аласыздар.