Астанада ТМД елдері арасында табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ТМД елдері арасында табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО)

12.09.2014
Астанада ТМД елдері арасында табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО)

«Осындай жарыстар халықаралық спортты дамытудың көпірі ретінде және Достастық елдері арасындағы байланысты және де «спорттың әскери-қолданбалы түрі оның ішінде табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын нығайтуға мүмкіндік жасайды»,-деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары  генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.

Үш күн бойы  Қырғыз Республикасы, Ресей және Қазақстан Қарулы  күштерінен келген әскери-спортшылар табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша сайыспақ.

Чемпионаттың мақсаты достастықты нығайту және Достастық елдері арасында әскери қызметшілер дене тәрбиесін, спорттың бұқаралылығын арттыру, дене дайындығын және моральді-психологиялық тұрақтылығын күшейту болып табылады.

Фото: mod.gov.kz

Хабарламаларға жазылу