Сұрауы бар судың біз білмейтін құпиясы жетерлік. Ғалымдар су салқындағанда оның қысымы неге күшейіп, жылығанда неге азаятынын анықтай алмауда. Ертеде құрылысшылар тасты таудан ойып алу үшін бұлақ суын пайдаланған. Ағаш тығынын тастың ойық жеріне қағып, үстіне су құяды. Ағашқы сіңген су тау-тасты қопаруға ыңғайлы. Суды сіңіріп өсетін өсімдік те осыған дәлел.
Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиеті бар. Оған дәлел 1956 жылы болған тарихи жағдай. Атом бомбасының құрамын анықтайтын әлемдегі нөмірі бірінші зертханада ғалымдар бір минутта күллі әлемді улаудың жолын іздейді. Алайда, жиын соңына дейін бармайды.
Ғалымдар аяқ астынан тамақтан уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізіледі. Үстелдің үстінде судан басқа ештеңе болмаған еді. Судың құрамынан да улы заттар табылмаған. Анықтай келгенде, басқосуда айтылған ақпаратты су молекулалары бойына сіңіреді. Жаман ақпаратпен бүлінген суды ішкен ғалымдар жаппай уланады.
Судың ақпаратты қабылдайтыны туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген жапондық ғалым Эмото Масури. Ғалымның зерттеулеріне сәйкес, «Рахмет», «Кешір», «Жек көремін» деген сөздерді айтқан кезде су молекулаларының өзгерген бейнесін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.