Досқа жасалған қастандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досқа жасалған қастандық

10.09.2014
Досқа жасалған қастандық

Әйгілі философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде  «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.

Достың түр-түрі болады. «Бір дос бар, мұрыннан қан кеткенше, бір дос бар, қалтадан мал кеткенше, бір дос бар кеудеден жан кеткенше», деген де сөз бар.

Бүгінде көк қағаздың әсерімен бала кезден бірге өскен ең жақын досына қастандық жасайтындар да бар. Бүгін 19.05-те «Қылмыс пен жаза» хабарында осындай оқиғалардың бірі туралы айтылмақ.

Хабарламаларға жазылу