Ерекше дауысымен өнерге жаңалық әкелген әнші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше дауысымен өнерге жаңалық әкелген әнші

10.09.2014
Ерекше дауысымен өнерге жаңалық әкелген әнші

Жұлдыздардың өміріндегі жаңалықты көрерменге жеткізуге асығатын «Таңшолпан» тілшілері әнші Нұржан Қалжанды метродан кезіктіріп қалды.

«Алматыға енді келген кезім. Қоғамдық көліктермен 2005 жылдары көп жүретінмін. Тіпті, 35 нөмірлі автобусқа жиі мінетінім де есімде»,-дейді әнші.

«Қазіргі қазақ эстрадасы жақсы өркендеп келеді. Себебі, өздеріңіз де көріп-біліп жүрсіздер, әншілеріміз түрлі халықаралық байқаулардын жүлделі оралуда. Оның үстіне қазір әннің бағыты да жақсарып келеді».

Кейінгі уақытта көрінбей кеткен әнші: «Мынадай себебім бар, мынадай жағдай, сосын көрінбей жүрмін десем – сылтау. Бірақ, шынымен де, өмірімде көп жағдайлар болды. Оның үстіне өзіміздің еріншектігіміз де әсер еткен шығар»,- дейді.

«Кезінде мен «Зәуреш», «Бұлбұл құс» әндерімді орындадым. Өнерде жүрген ағаларымның біразы: «Бұл өзінің әдемі дауысымен, әдемі иірімдерімен өнерге жаңалық әкелген әнші», деп айтып жататын.   Бұл – мен үшін құрмет».

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу