Өскемен қаласында ерекше аялдамалар орнатылды. 20 миллион теңге жұмсалған аялдамалар автобус күткен уақытты босқа өткізбеуге арналған. Яғни, мұнда қоғамдық төлемдер жасап, қоғамдық көліктің уақытын да білуге болады.
Сондай-ақ, өскемендіктер қордаланып қалған мәселелерді әкімге айтып, тегін хабарлама да қалдыра алады.
Сергей Вахрин бастаған жігіттердің өніміне Қысқы Олимпиада ойындар кезінде Сочи қаласы тапсырыс беріп, аялдамаларға орнатқан болатын.
Мониторинг және жолаушылар тасымалы жөніндегі менеджер Сергей Вахрин: «Бұл – аялдамаларға арналған табло. Автобус маршруттарының бағытынан бөлек, ауа райы, жергілікті уақытты да көрсетеді. Бүгінде қоғамдық көліктердің бағытын анықтайтын infobus қызметімен бірге жұмыс істейді»,-дейді.
Жаңа технологияның ерекшелігі сол, Сарыарқаның суығы мен ыстығы, одан қалды соққыға да төзімді. Құрылғыға Wi-Fi қызметін қосып, мектептерде сабақтың болу-болмауын да білуге болады. Компания басшылары әкімдік рұқсат етсе, елорда көшелеріне де орнатуды бастап кетпек.
Ерекше аялдамалар туралы толығырақ мәліметті «Таңшолпаннан» біле аласыздар.