Қазақстан - Түркіменстан - Иран - Парсы шығанағы бағытындағы теміржол ағымдағы жылдың қараша айында ашылады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«Жаңа теміржолдың пайдалануға берілуі бидай өнімдерін нарыққа шығару көлемін 5 есеге, яғни, 500 тоннадан 2,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен өткен кездесуінде.
Елбасының атап өтуінше, теміржол 10 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға жол ашпақ.
«Бұл арқылы Иран Ресей мен Қытай кеңістігіне өтетін болады. Қазақстан Парсы шығанағы мемлекеттерінің барлығына шыға алады. Теміржол салтанатты түрде қараша айының алғашқы онкүндігінде ашылады», - деді Мемлекет басшысы.
kapital.kz