Бүгін «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық трансфузология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын бастады.
Айта кетейік, «Донор боламын» деген әрбір азамат облыстық және Астана, Алматы қалаларындағы 23 қан орталығының біріне қан тапсырып, донорлық қозғалысқа өз үлесін қоса алады.
Адамның денсаулығына қан тапсыру - өте пайдалы. Бұл ферритинді төмендету арқылы жүректің ишемиялық ауруларынан сақтайды. Себебі ұлпадағы артық темір мөлшері жіті коронарлық синдромның белгісі.
Эритропоэзді ширатады (қанның қызыл жасушаларының жаңаруы), ұлпалық метаболизмді және газ алмасуды жақсартады. Қан айналымындағы токсиндердің басым бөлігі қанмен бірге жойылады.
18 жасқа толған, медициналық тексерістен өткен, сау және қан тапсыруға ниет білдірген Қазақстанның әр азаматы донор бола алады.
Қазақстанда жыл сайын 200 мың литр қойытылған қан, 80 мың литр плазма, 60 мың литр құрамында эритроциті бар орта және шамамен 18 мың тромбоконцентраттың емдік дозалары дайындалады. Бірақ донорлық материалдағы 100 пайыз қажеттілікті жабу үшін аталған көлем өте аз.
Қазіргі таңда Қазақстанда 1000 ауруға 18 донордан келеді, ал батыста бұл көрсеткіш 40-60-қа дейін жетеді. Соңғы 20 жыл ішінде еліміздегі донорлар саны 2 есе қысқарған.
250-450 мл қан тапсырған сау адамға бұл көрсеткіш денсаулығына да, өміріне де зиян келтірмейді, керісінше қаншама адамның өмірін құтқарып қалады.