«Атамекен» этномемориалды кешенінде ЕХРО-2017 павильоны салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» этномемориалды кешенінде ЕХРО-2017 павильоны салынады

08.09.2014
«Атамекен» этномемориалды кешенінде ЕХРО-2017 павильоны салынады

Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалды кешенінің аумағында ЕХРО-2017 көрмесіне арналған павильон ашылады.

Бұл туралы бүгін кешеннің 13 жылдығына арналған шара барысында айтылды.  

«Бүгін біз «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалды кешенінің 13 жылдығын атап өтіп отырмыз. Оны 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын. Бұл жерде кез келген адам еліміздің тарихымен, әр аумақтағы тұрғындардың мәдениетімен таныса алады.

 Біз ендігі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын өткізіп, ЕХРО-2017 көрмесіне арналған павильон ашуды жоспарлап отырмыз», - деді кешен директоры Алма Алтыбаева.

Оның айтуынша, мұнда жыл сайын 10 мыңнан астам адам келеді.

Шара барысында «Қазағымның алтын ұясы - Атамекен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған Астана әкімінің орынбасары Аида Балаева, Астана қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази, Мәжіліс депутаттары, елордалық мәдениет қызметкерлері мен қала қонақтары қатысты.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу