«Дала дауысы»: ІІ айналымға қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы»: ІІ айналымға қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

06.09.2014
«Дала дауысы»: ІІ айналымға қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

Қазақ радиосының төл жобасы - «Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалінің «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша 2-ші айналымына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды. Додада 18 өнерпаз бақ сынайды. Үздіктерге www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс бере аласыздар.

Айта кетейік, бұл жолы байқауда Жақсыкелді Маясаров, Ардақ Балажанова, Ләззат Жанаманова, Абзал Қуанышұлы, Әлихан Дүйсенбай сынды орындаушылар сынға түседі. Сондай-ақ, «Қазақстан дауысы» тележобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет те бақ сынамық.

Үздік әншіні бірге анықтайық, дауыс беріңіздер!

Хабарламаларға жазылу