2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды

05.09.2014
2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 «Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын;

2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын»,  делінген Жарлық мәтінінде.

 

 

Хабарламаларға жазылу